14 апреля 2026 года Общественный Фонд «KZ» совместно с Центром психологии «Открытие» провели очередной тренинг для детей с ограниченными возможностями на тему: «Психологическая тревожность и способы её преодоления».

В ходе встречи специалисты постарались создать тёплую, безопасную и поддерживающую атмосферу, где каждый ребёнок мог почувствовать себя принятым и услышанным. Через игровые упражнения, арт-терапию и простые практики дыхания дети учились распознавать свои эмоции, понимать, что такое тревога, и как она проявляется в теле и мыслях.

Особое внимание было уделено тому, чтобы каждый участник почувствовал: он не один в своих переживаниях. Постепенно напряжение сменялось улыбками, робкость — интересом, а тревожность — ощущением внутреннего спокойствия и уверенности. Было заметно, как дети раскрывались, начинали доверять, делиться своими чувствами и поддерживать друг друга.

Организаторы отметили, что такие встречи помогают не только развивать эмоциональную устойчивость, но и формируют важное чувство принятия, которое так необходимо каждому ребёнку. В завершение тренинга участники получили небольшие подарки и слова поддержки, которые многие уносили с собой как тёплое воспоминание.

 

2026 жылғы 14 сәуірде «KZ» Қоғамдық Қоры мен «Открытие» психология орталығы бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кезекті тренинг өткізді. Тренингтің тақырыбы: «Психологиялық мазасыздық және оны еңсеру жолдары».

Кездесу барысында мамандар әр бала өзін қауіпсіз, қабылданған және ескерілгендей сезінетін жылы әрі қолдаушы орта қалыптастыруға тырысты. Ойын түріндегі жаттығулар, арт-терапия және қарапайым тыныс алу әдістері арқылы балалар өз эмоцияларын тануды, мазасыздықтың не екенін және оның денеде әрі ойда қалай көрініс табатынын үйренді.

Әрбір қатысушы өз уайымында жалғыз емес екенін сезінуіне ерекше көңіл бөлінді. Біртіндеп ішкі кернеу күлкіге, ұяңдық қызығушылыққа, ал мазасыздық ішкі тыныштық пен сенімділікке ауысты. Балалардың ашылып, өз сезімдерімен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсеткені анық байқалды.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер тек эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға ғана емес, әр бала үшін аса маңызды қабылдану сезімін қалыптастыруға да көмектесетінін атап өтті. Тренинг соңында қатысушыларға шағын сыйлықтар мен жылы тілектер берілді, олар көптеген балалардың жүрегінде жылы естелік болып қалды.