2026 жылғы 8 мамырда әлеуметтік осал санаттағы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында «Сиқырлы сыйлық» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Акция аясында 6 балаға олардың жеке қажеттіліктері мен тілектеріне сәйкес көмек көрсетілді. Атап айтқанда, бір балаға 50 000 теңге көлемінде қаржылай көмек табысталды, екінші балаға 50 АҚШ доллары сыйға берілді. Үшінші балаға киім мен аяқ киім алуға арналған сертификат ұсынылды. Төртінші балаға шоколадқа батырылған құлпынай мен жеміс-жидек себеті тарту етілді. Бесінші балаға мектеп рюкзагы, спорттық киім және кроссовка сыйланды. Ал алтыншы балаға планшет табысталды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, оларға қамқорлық пен қолдау көрсету.

 

8 мая 2026 года была проведена благотворительная акция «Волшебный подарок», направленная на поддержку детей из социально уязвимых категорий и семей, находящихся в трудной жизненной ситуации.

В рамках акции помощь была оказана 6 детям в соответствии с их индивидуальными пожеланиями и потребностями. Так, одному ребёнку была вручена денежная помощь в размере 50 000 тенге, второму ребёнку подарены 50 долларов США. Третьему ребёнку был предоставлен сертификат на приобретение одежды и обуви. Четвёртый ребёнок получил в подарок клубнику в шоколаде и фруктовую корзину. Пятому ребёнку были вручены школьный рюкзак, спортивная форма и кроссовки. Шестому ребёнку был подарен планшет.

Основная цель акции — подарить детям радость, внимание и заботу, оказав им необходимую поддержку.